Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.                

                                                        


Размер: AA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Мектепке қабылдау құжаттары

Мектепке қабылдау құжаттары

    Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш; 2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 3) дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/е нысан; 4) 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосурет; 5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда). Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады: 1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; 2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі; 3) босқын – босқын куәлігі; 4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі; 5) оралман – оралман куәлігі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.