Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.                

                                                        


Размер: AA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Новости




№4 Алға орта мектебінде 8-11 класс оқушылары аралығында жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі өтті.Жоспарға сай 6 қараша математика және орыс мектебінде қазақ тілі пәндерінен өткізілді. Барлық санитарлық талаптар сақталып, оқушылар бетперде тағып, дене температуралары өлшеніп, арнайы антисептиктермен қолдарын залалсыздандырды. Кабинетте арақашықтық сақталды.Комиссия құрамының шешімімен, аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар:
Математика
9 сынып Избасарова Гүлдана
10 сынып Егорова Валерия
Қазақ тілі мен әдебиеті
9 сынып Хацкевич Мария
11 сынып Алемаскина Диана





№4 Алға орта мектебінде оқушылардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Шахмат стратегиясы» тақырыбында белгілі шахматшы Сивирин Виктор Ивановичпен кездесу өтті. Кездесу мақсаты - оқушыларды белсенді өмірге тарту.Кездесу барысында белгілі шахмат спорты бойынша жаттықтырушы Виктор Иванович өзінің өмір жолы мен спорттағы жетістіктері туралы кеңінен әңгімеледі.Жетістіктері:
1986 жылы Павлодар қаласында «Еңбек» республикалық турнирдің жеңімпазы;
2004 жылы облыстық «Ақбидай» ойындарының жеңімпазы;
2004-2011 жыл аралығында Республикалық спартакиада қатысушы, сонымен Азия ойындарының қатысушысы.
Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, шахмат спорты туралы тың деректерге қанық болды.







Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті 19 қазан - құтқарушылар күніне орай жас ақындар мен жас суретшілер байқауын ұйымдастырды.Осы шараға мектебімізден 3-9 кластар аралығында 15-ке жуық оқушы қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.Оқушылардың жетекшілері:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мусагалиева С.С.,Қосмағамбетова Ж.К., Наурызалина Г.А., бастауыш класс мұғалімі Қожахметова М.М және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Голубничая Т.В.











В рамках декады начальных классов в
Алгинской средней школе №4 20 октября прошло внеклассное мероприятие
 на тему турнир " Сказочная викторина",
где дети с удовольствием показали свои знания, умения.
Классный руководитель Троценкова Л.В.

В рамках декады начальных классов,в
Алгинской средней школе#4 сегодня было проведено внеклассное мероприятие
 на тему:"Калейдоскоп знаний",где дети с удовольствием показали свои знания,умения,навыки.
Классный руководитель Сейдалиева А.С.



№4 Алға орта мектебінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.
 Күн тәртібінде Педагогикалық әдеп қағидаларын таныстыру және
педагогикалық әдеп кеңесінің құрамын тағайындау мәселелері қаралды.
Отырыста кеңес құрамы алдағы жұмыс жоспарымен танысып, өз ойларын ортаға салды







Бүгін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 9 класс оқушыларының қатысуымен
 Zoom платформасы арқылы конференция өтті.
Конференцияға КТІЖ УПИ полиция капитаны Т.Курманалин қатысып, оқушыларға құқық
 бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз интернет туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізд




Тілдер мерекесіне орай 4"Б" класында қазақ тілі пәнінен
"Ұтымды сұрақ,ұтқыр жауап,ұтыс ойын"тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.
Оқушылар сайысып қана қоймай,сабақ барысында қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары туралы мәліметтер алды.
Өз белсенділіктерін таныта,көрсете білген оқушылар ұстаздарын қуанышқа бөледі.
Жарайсыңдар, 4"Б"класының талапты оқушылары!🌷🌷🌷
Сайыс сабақты ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наурызалина Гүлнұр Аманқызы



Қазақта «Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Шынында, бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр. Арпалысқан өмірде кейде біз өз айналамыздағы адамдар мен болып жатқан жағдайдан мүлдем бейхабар болып жататыныз бар. Ал, бұл Сен өмір сүріп жатқан әлемде қалауынша өз қамын жасаған пенде мен қалауына еріксіз қолы жете алмаған мүмкіндігі шектеулі жандар да өмір сүріп жатқаны-ащы шындық. Осындай сәтте
Қу тірлікпен қиқулап барамыз ба,
Тек пайданы жапсырмай санамызға
Сен жақсылап көз салшы айналаға
Жомарт жандар бар екен арамызда —деп қоғамда жүректері жылуға толы адамдардың бар екенін де айта кеткенімізді жөн көрдік.
#4Алға орта мектебі ұжымы осы ерекше оқытуды қажет ететін балаларды 2020-2021 жаңа оқу жылымен құттықтап, жомарт жандардың қолдауымен сол бүлдіршіндерімізге қажетті оқу құралдары мен түрлі сыйлықтар табыстаған болатын. Сол кездегі періште көңілдің қуаныш сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес...
Жан мен тәні жаралы адамдарға,
Көмек бергін, бойыңда шамаң барда.
Жақсылыққа жақсылық қайтады әркез,
Тілегіңді береді, Саған, Алла.
Жақсылық жасаумен жарысайық!!!









Құттықтаймыз!
Аудандық "Ізтай оқулары" мәнерлеп оқу сайысына мектебіміздің оқушылары қатысып , жүлделі орындарға ие болды .09.02.2019 жыл