Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.                

                                                        


Размер: AA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Мероприятия

«Жас Ұлан»

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында 8,9 кластардың қатысуымен аудандық «Жас Ұлан» әскери-патриоттық ойындар болып өтті. Мектеп оқушылары жүлделі І орынды жеңіп алды.

«Ол өз борышын орындады»

Ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу,Ауған жерінде күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,жастарды Отансүйгіштікке,ерлікке баулу,Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Ол өз борышын орындады» тақырыбында 8-11 класс оқушыларымен конференция болып өтті. Шараны ұйымдастырушы АӘД пәнінің мұғалімі С.Е.Ермагамбетов

«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»

Кәмелетке жасқа толмағандар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мектеп инспекторы Р.Уразовпен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс жүргізді.

«Елбасы мұраты-мәңгілік ел»

Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін,тұлғалық тұғырын түсіндіру,Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру мақсатында мектепт түрлі іс-шаралар өтті. «Елбас мұраты-мәңгілік ел», «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» «Біздің Елбасы» «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары болды.

«Жас құтқарушылар»

Оқушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен таныту,тәрбиелеу,төтенше жағдайлар қауіп-қатері туындау кезінде кәсіптік деңгейде қалыптастыру,төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша білімін және ептілік дағдыларын қалыптастыру   мақсатында мектепте «Жас құтқарушылар» үйірмесі жұмыс жасайды.

«Ғасыр тазалығы адам саулығы»

Дүниежүзілік ЖИТС ауруымен күрес күніне байланысты 13 қараша 10 желтоқсан аралығында «Жұқпалы иммунды тапшылық синдромына қарсы» атты айлық аясында мектеп оқушылары аудандық салауатты өмір салты кабинетінің дәрігерімен кездесті. «Ғасыр тазалығы адам саулығы», «СПИД 21 ғасыр індеті», «Барлығы АИТВ/ЖИТС ауру туралы», «Болашаққа АИТВ/ЖИТС -сіз» тақырыбында түрлі іс-шаралар болып өтті.

«ЭКСПО-2017-елдің ерен жеңісі»

«ЭКСПО-2017-елдің ерен жеңісі»атты танымдық сабақ болып өтті. Танымдық сабақта оқушылар ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты өздерінің туындыларын көрсетіп,қорғап шықты.Танымдық сағатының мақсаты – оқушыларға 2017 жылғы Қазақстанда өтетін Экспо көрмесі  туралы білімдерін тереңдете түсіп, шығармашылық қабілеттерін нығайту. Қоғам жаңалықтарынан тыс қалмауға баулу, Отанымыздың жетісіктеріне  мақтаныш сезімдерін ояту.

«Еңбек ерлікке бастайды»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, аудандағы соғыс және еңбек ардагерлері мен жоғарғы класс оқушылары арасында «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында  сыр-сұхбат ұйымдастырылды. Жоспарланған танымдық-тәрбиелік шараға қонақ ретінде шақырылған 94 жастағы майдангер ақсақал Ұзақбай Амедов,Алға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Есентай Сүлейменов,денсаулық саласының ардагері Данияр қажы Қурманалин өткен өмірдің қиындықтары мен бүгінгі кемел кезеңнің көңіл қуантарлық жетістіктерін сөз етіп,өз ойларын ортаға салды

«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік»

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығы аясында түрлі іс-шаралар өткізілді. Мерекелік іс-шараның өз деңгейінде өтуіне мектеп ұстаздары мен оқушылары өз үлестерін қосты. 9 класс оқушыларының ұйымдастыруымен мектепішілік «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік кеш болып өтті. Класс жетекшілердің басшылығымен кластарда «Жаса,жайна Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ», «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өз дәрежесінде өтті.

«Екпенің маңызы»

Мектеп оқушыларына екпе алудың маңызын түсіндіру мақсатында аудандық салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері Т.К.Сатенмен «Екпенің маңызы» тақырыбында кездесу болып өтті. Оқушыларға екпенің маңызы, адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс екендігі туралы айтып түсіндірілді.