Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.                

                                                        


Размер: AA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

                        №4 Алға орта мектебіне қош келдіңіздер!!!                                 
                                                                                                                                                                        

                              Мобильді кітапхана.    Балалар кітапханасы.

   


  Оқырмандар смартфон немесе планшеттің көмегімен QR- код арқылы «Мобильді кітапхана»қосымшасында ұсынылған     әдеби кітаптың кез келгенін лезде тауып, оқи немесе жүктей алады. «QR код кез келген ақпаратты цифрландыруға мүмкіндік береді. Ұялы телефоныңызда жүктелген арнайы қосымша болса жеткілікті. Бұл  ұялы телефонға әуестенген жастарды кітап оқуға тарту

Мектеп жаңалықтарын  сайттың төменгі бөлігінен оқи аласыздар.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
  Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы.
1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды

          

              Мектеп жаңалықтары.







10 ақпан күні Математика информатика, физика онкүндігінің "Ғасырдың ғажап үш тірегі" атты тақырыбында ашылу салтанаты өтті.



    

Биология, химия, география онкүндігінде жас мамандарға арналған "Интеллектуалды жастар" байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты Мақсаты: жас мамандарды еркін сөйлеуге ,еркін ойлауға,өздігінен және топпен жұмыс жасата отырып,бәсекеге қабілетті білімді, мәдениетті азамат етіп қалыптастыру.



                                                                      

Алға аудандық мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі,Ізтай Мәмбетовтың туғанына 90 жыл, Жастар жылы аясында өткізілген қалалық мекемелер арасындағы көркемөнерпаздар байқауынан №4 Алға орта мектебінің ұжымы ІІІ орынға ие болып,аудан әкімінен диплом және 100 000 теңге сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
                                                             

                                                              
                                                              


Республикалық "Үздік жыл психологі" конкурсының жүлдегері ,"Үздік авторлық бағдарлама" номинациясына ие болған мектебіміздің психологі Қаңтарова Жанаргүл Әмірханқызын жетістіктерімен құттықтаймыз.

                                                      
Ағымдағы жылдың қазан айында "Аңсар ақпараттық-талдау орталығының кездесуі ұйымдастырылды.Кездесу барысында оқушылармен тренингтер өткізіліп, "Дін және қоғам"  тақырыбында ақпаратық-түсіндірі жұмыстары жүргізілді.

                                                                                      

"Қыз болашағы-ел болашағы" онкүндік аясында 5 класс қыз балалары арасында "Ал, қанеки,қыздар!" спорттық эстофетасы өтті.

                                                                                      
3 қазанда Қазақстандағы барлық мектепте "Эко сағат" кең көлемді акциясы өтті.Мектеп бойынша сыныптар аралығында "Эко-сағат" тақырыбында тәрбиес сағаттатры өткізілді.Бұл акция аясында балалрды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны жасыл желектендіруге жұмылдырып, еңбектенуге баулу.Акция барысында мектеп ауласына педагогикалық ұжыммен оқушылар бірігп, жас көшеттер отырғызды.

                                                                                    
Он күндіктегі озық шаралар
Оқу тәрбие жоспарына сәйкес, жыл сайын пән бірлестіктерінің арасында өтетін дәстүрлі онкүндік жұмыстары биыл да мамандарының жетекшілігімен басталды.Қазақтілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бекітілген жоспар бойынша оры аралықта тақырыптық ашық сабақтар өткізіп, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды.онкүндік асясында "Абайды оқы, таңырқа" айдарымен бастау алып, ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік  Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу эстафетасы да жалғасын тапты. Үлкен экраннан Абай Құнанбаев туралы көркем фильмнен үзінділер көрсетілді..Оқушылар Абай әндерін де асқақтата шырқап, ақынның балалық шағын бейнелеген сахналық қойылымды ойдағыдай орындап шықты.Онкүндіктің соңында әдеби-музыкалық шараға қатысқан мектеп директорының орынбасары Гүлназ Әбдешқызы кештің танымдық-тәрбиелік маңызына жоғары баға беріп, пән бірлестігіне және өнерпаз оқушыларға әкімшілік тарапынан алғысын жеткізді.

                                                                   


Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, аудармашы-Абай Құнанбайұлының 175 жасқа толуына орай іс-шара ұйымдастырылып,жалғасын табуда.16.10.2019 күні 8"д" класында "Абай- адамзаттың ақыны" тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.Шара барысында оқушылар ақынның өмірбаянымен танысп, өлеңдері мен қара сөздерін нақышына келтіріп оқып шықты.Сондай-ақ  оқудан келген жас абайдың ата-анасымен қауышуы жайында сахналық көрініс қойылды.Бұл қойылымның тәрбиелік мәнін оқушылар тереңірек ұқты.Кеш барыснда Абайдың әндері шырқалып, мың бұралған бишілердің өнерімен ұласты.

                                                                              
Тілдер мерекесіне орай 19.09.2019 күні "Үш тұғырлы тіл-қазақтың атын танытсын" атты апталық аясында  "Үш тілдің патшалығы" тақырыбында 6 клас оқушыларының сахналауымен "Шалқан" ертегісі тамашаланды. Кішкентай көрермендердің көңілнен шыққан шара барысында 8"д" оқушылары Аман Мөлдір мен Назарова Жазира "Ертегілер" әнін орындаса, 3 "а" класс оқушылары "Көбелек" биін мың бұрала биледі.Ал  3"д" орыс класының оқушылары "Қошақаным" әнін нақышына келтіріп, көрермендер көзайымы болды.Шараны ұйымдастырушылар:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Г.А.Наурызалина мен М.К.Балмукашева және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.К.Кенженова.

                                                                
"Адал жол-честный путь" марафоны аясында  мектебімізде "Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" пікірлесі сабағы өткізілді.
                                                                                   

Мектебімізде 5 сынып оқушылары мен әкелері бірлесе отырып "Әкем және мен" атты сайысқа түсті.Сайыстың мақсаты қоғамдағы, отбасындағы әкенің рөлі.Әкелер өте белсенділік танытты.

                                                                                              

№4 Алға орта мектебінің "Жас ұлан" ұйымы 1 қазан қарттар және ұрпақтар ынтымақтастық күніне орай ұйымдастырылған "Қарияға қамқорлық көрсетейік" челендж аясында Зибагүл әженің  үйіне барып, ауласын тазартып берді.Зибагүл әже жастарға батасын берді.
                                                                                      
"Адал жол-честный путь" марафоны аясында мектебіміздің ұстаздары арасында  спорттық эстафеталық жарыс өткізілді.
                                                                                   
2019 жылдың 9 қыркүйек күні "Денсаулық сандарына жет" атты ұранымен "Денсаулық фестивалі-2019" акциясы аясында флешмоб өткізілді.
                                                                                                    
Құттықтаймыз!
"Денсаулық фестивалі-2019" акциясы  аудандық  жеңіл атлетикалық жүгіруден өткізілген жарысқа метебімізден 39-45 жас әйелдер аралығында Урашова Асел  ІІ орын, 31-35 жас аралығында Биржанова Розалина ІІ орын, Мұхатаев Аслан ІІ орын,Сейтов Есет ІІІ орын иеленді.

                                                                                                      

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Алға аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 29 сәуір күні ауданымыздың мектептері арасында                "№Ең үздік мектеп сайты" атты  конкурс өткізілді. Конкурс шарты бойынша мектеп сайтының талапқа сай безендірілуі, мәліметтердің безендірілуі, мәліметтердің толықтығы т.с.с бірнеше критериилер бойынша бағаланды.Нәтижесінде     "Ең үздік инновациялық сайт" номинацияны №4 Алға орта мектебі иеленді.

                                                                           

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

"Үздік информатика пәні мұғалімі-2019" аудандық байқауына қатысып, шығарамашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін №4 Алға орта мектебінің мұғалімі Шамбалаева Айгүл Жадирасыновна І дәрежелі дипломмен марапатталды.

                                                    


19.04.2019ж. Әуенмен ұштасқан әдеби кеш.

19 сәуір күні #4 Алға орта мектебінде музыка-технология пәндері онкүндігі аясында музыка пәнінің мұғалімі Нұрымова Гүлмейрамның ұйымдастыруымен "Өмір - өлең" тақырыбында, оқу-тәрбие жоспарына сәйкес әдеби-музыкалық кеш өтті.
Кезекті кештің мақсаты  осы мектептің тәжірибелі ұстазы, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Мусагалиева Сағадаттың сөздеріне жазылған әндерін насихаттау, шығармашылық жолымен таныстыру, жас ұрпақтың жыр құдіретін түсініп, өнерге деген қызығушылығын арттыру болды. Мазмұнды кештің басты қонағы, Алға аудандық "Жұлдыз -Звезда" газетінің редакторы, танымал журналист Шара Елеусіз болды. Әуенді ді де әсерлі кездесу барысында мектеп оқушылары Сағадат Сағидуллақызының жырларын жатқа мәнерлеп оқудан алдарына жан салмады. Жас маман Қымбат Марқабаева ақынның "Анама", бүлдіршіндер "Біз бақытты баламыз", 6 - 7- класс оқушылары "Алға жыры" әндерін  нақышына келтіре орындады.
Алдымен ақын-ұстаздың әріптесі Шара Елеусізқызы кештің басты кейіпкері туралы ой-пікірімен бөлісіп, ұстаздық әрі ақындық қырынан тереңірек таныстырды.
Сыр-сұхбат айдарында тыңдармандар тарапынан жан-жақты қойылған тақырыптық сауалдарға да Сағадат Сағидуллақызы нақты жауап берді.
Кеш соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Алмагүл Таңатарқызы келген қонақтарға жылы лебізін жеткізді.
Сондай-ақ жас ұстаздар атынан сөз алған Гүлдана Умирзақова Сағадат апайына арнау өлеңін оқып, құттықтау адресатын табыстады.Атаулы кештің қатысушыларға берер тәлімдік әсері мол болды.

                                    

   


15.04.2019ж. "Қауіпсіз интернет"

№4 Алға орта мектебінде "Қауіпсіз Интернет" тақырыбына сәйкес оқушыларымен флешмоб ұйымдастырылды.

05.04.2019ж. "Жұлдызай" XIV Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі

Білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған XIV Халықаралық шығармашылық фестивалі аясында облыстық іріктеу кезеңінде Вокал аталымы бойынша Сулейменова Дильназ ІІІ дәрежелі дипломмен және 10 000 теңге сертификатпен және 2 сынып оқушысы Камаладдин Айым Алғыс хатпен марапатталды.Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!
 


02.04.2019ж. "Тарих пәнінен үздік мұғалім-2019" байқауы.

Алға аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес тарих пәні мұғалімдерінің ізденіс бағытындағы педагогикалық және кәсіби тәжірибелерін  анықтау және шығармашыл педагогтардың үздігін анықтау мақсатында №4 алға орта мектебі базасында аудандық "Тарих пәнінен үздік мұғалім-2019" байқауы өтті.

01.04.2019ж."Үздік әдістемелік - дидактикалық құрал"

Логопед , дефектолог, психолог және әлеуметтік педагог мамандарының арасында өткен аудандық "Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал" байқауына  мектебіміздің психолог маманы ҚАҢТАРОВА ЖАНАРГҮЛ   және де мектебіміздің психолог жас маманы ҚОҢЫРБАЕВА АСЕМ  қатысып ІІІ орындармен оралды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

                            


Көктемгі демалысты тимді ұйымдастыру мақсатында 4 б сынып  қыздары  арасында "Көктем аруы" атты сайыс өтті сайыс жеңімпазы Имашова Венера ұйымдастырушы сынып жетекшісі Абилжанова Г.Д

     

29.03.2019ж

Көктемгі демалыста 4 "А", 4 "Б "сынып окушылары сынып жетекшілері Шаяхмет Г.Ш және Абилжанова Ғ.Д ауданымыздағы мұражайға саяхаттап тарихи жадігерлерімізбен танысып,  естеліктерді көздерімен көріп,  мұражай кызметкерінің қызықты мәліметтерімен танысты.

        


       
" Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу" атты мектепшілік курстағы сабақтардан   бір көрініс.  Ұйымдастырушы: Мектеп тренері Абилжанова Г.Д
        

21.03.2019ж. "Наурыз жыл басы".
 Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін №4 Алға орта мектебінің ұжымы жауапкершілікпен  атап өтті. Наурыз дастарханы жайылып, мерекеге жиналған халыққа ұлттық тағамдардан дәм татылды.Мейрамның басты маңызды асы - Наурыз көже . Жеті түрлі тағамнан жасалған наурыз көжеден ұсынылды. Астан ауыс тиген ақсақалды аталар ақ батасын берді.Наурыз мерекесі көпшіліктің көңілінен шықты. Ұжымымыздың атынан мектептің жас мамандары Отаралина  Амангүл және  Марқабаева Қымбат жанды дауыста ән шашуын жолдады.
          

Мектебімізде "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты мерекелік іс- шара өткізілді. Мерекеде оқушылар ұлттық киім, тағам, дәстүрлермен танысып, күн мен түннің теңесуін көрініспен бейнелеп көрсетті. Ұлттық ойындар ойналып, мереке жоғары деңгейде өткізілді.
    


       

            
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды "Жастар жылы"  деп жариялануына  байланысты  және Ұлттық ойындарды дамыту барысында ұйымдастырылып отырған   "Тоғызқұмалақ", "Гир тасын көтеру" ,"Арқан тартыс" , "Асық ату" , "Қол күрес" ойындарының  аудандық турнирі  2019 жылдың 14 наурызында №4 Алға орта мектебінің базасында өтті.

                       


                                          


                               

10.03.2019  "Проводы масленицы"

"Масленицаны" сағына күткен тұрғындар мерекені концерттік бағдарламамен бастады. Ауданның белсенді жастары мерекеге  жиналған халықты әзіл әндері мен тамаша билерімен қуантты. Дәмді тағамдар мерекесі болғандықтан жергілікті тұрғындарға құймақтар, тәтті тоқаштар мен сусындар ұсынылды. Шарада көптеген ойын сайыстары өткізілді.Шара қыс мезгілін шығарып салу рәсімі ретінде "Масленица" тұлыпын жағумен аяқталды.
                                 

                                                                         


Ұлттық құндылық - тəрбие бастауы

      8 наурыз мерекесіне орай,  #4 Алға орта мектебінің тренері Ғалия Абилжанованың ұйымдастыруымен    "Келіні жақсының керегесі алтын" тақырыбында мектепішілік ене мен келіндер сайысы өтіп, оған          тəжірибелі ұстаздар мен жас мамандар қатысты.
    "Бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербеткен" аналардың асыл қасиетін, отбасылық татулықты,  ақылшы ене мен өнегелі келіннің арасындағы сыйластықты насихаттаған тəрбиелік бағыттағы сайыс  шарттарына сəйкес үміткерлер  бақтарын сынап,   шеберліктерін ортаға салды.
Көркем сөзбен кестелеп, сөз кіріспесін сəлемдесу мен таныстырудан бастаған  қатысушыларға қолдау көрсеткен жанкүйерлер қатары да көп болды.
    "Ойлы болсаң, озып көр", "Өнерлі келін", "Сөз тапқанға қолқа жоқ", "Кім шапшаң?", "Ас - адамның арқауы", "Ұлттық киім - сəніміз" бөлімдері бойынша сайыс талаптарын орындаған ене мен келіндерге  қазылар алқасы əділ бағасын берді.
Нəтижесінде, бас жүлде Балқымбат Мұханбет пен Кенжегүл Азоваға бұйырды. Мырзағалиева Марқа мен Марқабаева Қымбат 1-орынды, Шаяхмет Гүлнара мен Отаралина Амангүл 2 - орынды, Жамалова Бибігүл мен Кадиримбетова Зулфия 3 - орынды иеленді. Бесінші жұп Алманова Айман мен Кужахметова Ритаға ынталандыру сыйлығы табыс етілді.Байқау соңында жеңімпаздармектеп əкімшілігі атынан  арнаулы дипломдармен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

С.Мусагалиева, тіл маманы.
          

8-наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған АЯУЛЫ АНАШЫМ  атты ашық тәрбие сағатын сынып жетекшісі Кожахметова Мырзагул Муканбеткалиевна 1"А" сыныбында және 1 "Ә" сыныбының жетекшісі Урашова Әсел  ата-аналардың қатысуымен өткізді. 1-сынып бүлдіршіндері би, ән, тақпақтар және тілектерін ана- әжелеріне арнады. Ата-аналар өздерінің мерекесінде  балаларының өнерлерін тамсана,қуана  қабыл  алды.Ұстаздарына алғысын айтып, үлкен әжелер батасын берді.


      
 







    Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына      орай "Интернационалист жауынгерлер" атты кездесу кеші өткізілді.

   





8 қаңтар күні "Өрт - тілсіз жау" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдары, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабы түсіндірілді.



                                                             
  
                                     

            09.02.2019ж.   Құттықтаймыз!  ЖАРАЙСЫЗДАР!

9 ақпан күні #1 Алға орта мектебінде жерлес ақын Ізтай Мәмбетовтың 90 жылдық мерейтойына орай мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, 49- оқушы қатысты.Біздің мектебімізден аталмыш шараға 5-8 кластар аралығында 11- оқушы белсенділік танытып, байқау қорытындысы нәтижесінде 7"Д"класс оқушысы Мырзахметов Нұркен ІІІ жүлделі орынды иеленіп марапатталды.Ал қалған талантты шәкірттетіміз сертификат иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Наурызалина Гүлнұр Аманқызы   

  "ІЗТАЙ ОҚУЛАРЫ."Мырзахметов   Нұркеннің мәнерлеп оқуын осы сілтемені шертіп көре аласыздар.
                                                                       https://www.instagram.com/p/BtqvfPwBoT5/       
                      
        


05.02.2019ж. "Адалдық дүкені"

5 ақпан күні мектебімізде "Адалдық дүкені" акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - оқушыларды адалдық пен адамгершілік секілді қасиеттерге баулу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.


04.02.2019ж."Математика, информатика, физика" пəндерінің онкүндігі аясында оқушылардың пəнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатырда "Логикалық жəрменке" ұйымдастырылды.
           




Өзін-өзі тану: "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндікте өткізілген "Мейірім төккен ана" кітаптар көрмесі.
        

Мектеп кітапханасында "Ізтайдың өшпес іздері" тақырыбында жерлес ақынымыз І.Мәмбетовтың 90 жылдығына арналған әдеби-жыр кеші өтті. Кешімізге І.Мәмбетов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі Изтилеуова Акшолпан Абдикалыккызы мен ақын ұстазымыз Мусағалиева Сағадат Сағидоллақызы қатысты.
      

Мектебімізде Қайырымдылық акциясына орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысу барысында.